23.08.2017
Степногорскта қыркүйек айында отандық емдік косметика өндіретін «RE-BIOMED» ғылыми-тәжірибелік орталықтың ашылуы өтеді. Кәсіпорын құны 1 млн долл тұратын алдыңғы қатарлы инновациялық жобаны жүзеге асыруда. Жоба бойынша тоник немесе крем түрінде табиғи косметиканы өндіру көзделген.
«RE-BIOMED» компаниясының басты ерекшелігі өндіріс барысында органикалық қоспалар пайдаланылады, нәтижесінде тиімділік 70 пайызға ұлғаяды, сонымен қатар нәтиже ұзаққа созылатын болады», -деді кәсіпорынның жетекшісі Жәнібек Кенжебаев.
Айта кетерлік жайт, кәсіпорынның мамандарын Канада мен Германияның сарапшылары дайындауда. Шатта 15 адам еңбек етуде. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 3 млн банкалық және 20 млн капсулалық өнім. Өнімнің құны үш және жеті мың теңге аралығында болады. Бүгінде алдын ала байқап көру үшін өнімнің алғашқы легі шығарылды. Емдік косметика Қазақстан мен Ресей нарықтарында саудаланады.