• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда  қоқыс сұрыптау кешені  2018 жылы іске қосылады 22.08.2017

Зауыт құрылысын  «Green Recycle» ЖШС компаниясы  Алатау ауданы  ЖЭО-2 ауданында жүзеге асырып жатыр.

Жаңа зауыттың қуаттылығы жылына  550 мың тоннаны құрайды, ол 2018 жылдың  маусымында іске қосылады.  Өндірістік қуаттылық  Алматының қоқысын сұрыптауға толық жетеді.  Жоба Кәсіпкерлерді қолдау  картасы мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы болып табылады.

«Green Recycle» ЖШС директоры Дмитрий Данильченконың айтуынша, сұрыптау  кезінде  пайдалы құрамдар екінші рет қолдануға іріктеліп алынады, ал  жарамсыз материалдар  полигонда көміледі.

Аталмыш әлеуметтік маңызы бар жоба жеке есептің қаржысына жүзеге асырылады: инвестиция көлемі 5,3 млрд теңгені құрады.  Алдын ала есеп бойынша  қоқыс сұрыптау кешенінің шығынын   2025 жылға дейін өтеу жоспарланған.  Жыл сайын  мемлекеттік бюджетке түсім  500 млн теңгені құрайтын болады. Жобаны жүзеге асыру  600 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.


Back to the list