• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысында эко-туризм дамиды 01.06.2017

Кәсіпорын басшысы Татьяна Нецманның айтуынша, эко-қонақ үйлер осы жобаға қатысуға ниет білдірген ауыл тұрғындарының меншігі болып табылады. Ауыл тұрғындары қонақтарға экоөнімдерді ұсыну үшін, көкөністердің 12 түрін өсіруде тамшылап суаруды қолданады, ал оларды отырғызу кезінде агроталшық пен гидрогель пайдаланады, бұл көбірек өнім алып, суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Болашақта біз эко-туризм құрудың корпоративтік тәсілін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Т.Нецман.

Бүгінде Орталық энергия тиімді, ресурс үнемдейтін технологиялардың апробациялық аймағы, сондай-ақ инновациялық жобалардың технологиялық платформасы болып табылады.

«Ғимараттың барлық шаршы метрлері ұтымды пайдаланылады, мысалы, жертөледе біз балық өсіру аквамәдениеті жобасын іске қостық», - деп қосты ол.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин орталық пен эко-қонақ үйлерді қарап шыққаннан кейін жасыл орманның дамуына жоғары баға берді.

«Жасыл технологиялар орталығы шынында да тәжірибе және таныстыру алаңына айналғанын көріп отырмын. Осы бірегей жоба Арнасай ауылының тәжірибесін барлық жерлерде таратудың алғышартына айналатынына сенімдімін», - деп атап өтті әкім.

Еске сала кетейік, «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру мен өткізудің ұлттық жоспарында елорданың айналасында «жасыл» технологиялардың таныстыру алаңын құру көзделген. Және Жасыл технологиялар орталығы алғашқылардың біріне айналды, онда оқу класы, 30 төсек орнына арналған қонақ үй, асхана, жылыжай және күн биовегетариі (заманауи жылыжай) бар.

Орталық пиролизді жылытуды, күн батареяларын, органикалық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған биогаз қондырғысын, жер асты жылу аккумуляторын қоса алғанда, 35 жасыл инновациямен жарақтандырылған.

Орталық 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.


Back to the list