23.05.2017
Парламентарийлер испан, италиялық, австриялық және финдік өндірістің техникасымен қағазды және пластикті өңдейтін және қалдықтарды іріктейтін қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен сұрыптау кәсіпорнының жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, депутаттер «Астана Эко-Полигон НС» кәсіпорнында да болды. Бүгінде аталмыш кешеннің екінші кезегінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды және ол 5-7 жыл бойы 2 млн тонна қалдықты қабылдауға есептелген.
Шара ағымдағы жылдың 31 мамырында Сенатта өтетін «Астана мысалында ҚР-дағы қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мүмкіндігі мен проблемалары» дөңгелек үстел отырысына дайындық аясында өткізілді.
Қайрат Жандыбаев