05.04.2017
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда бүгінгі таңда әлі бірде-бір геопарк жоқ. Алайда, Қазақстан геологиялық нысандарға бай, елдегі геопарктерді дамытуға толық мүмкіндігі бар.
Семинар Ақмола облысының әкiмдiгi, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясы, Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер жөнiндегi Ұлттық комитетi және «Бурабай» МТҰП қолдауымен өттi.
Өзiнiң баяндамасында Ә. Өтегенова ханым семинардың мүдделi тараптардың Қазақстанда ЮНЕСКО-ның алғашқы геопарктерiн құру жөнiндегi диалогына бiрегей алаңын қамтамасыз ететiндiгiн атап өттi.
«Бұл бастама, әсiресе Expo 2017 қарсаңында өзектi болып табылады, сондай-ақ 2050 Стратегиясын жүзеге асыруға ықпал етедi және де табиғи ресурстардың сарқылуы мәселесiн қарастырады. Эко- және гео- туризмнiң дамуы бiздiң елге шикiзат өндiру экономикасының тәуелдiлiгiнен бiртiндеп азайту ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренада Қазақстанның туристiк бағыт имиджiн жақсартуға мүмкiндiк бередi», — дедi ол.