• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-да  10 мың түп ағаш отырғызылады 04.04.2017

Жеміс ағаштары  Төлеби ауданы,  Абай ауылындағы 150 отбасыға тегін таратылды. Сондай-ақ аталған ауылда облыс әкімінің «Шатқал» бағдарламасы аясында аумағы 1 шақырымды құрайтын  сайға арық тартылып, ағаш көшеттері отырғызылды.

 Жалпы, Кемеқалған ауыл округінде 5 мыңға тарта тұрғын бар. Негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Табиғаты әсем округтің климаты  жеміс ағаштарын отырғызуға өте қолайлы. Сондықтан округ тұрғындарына 10 мың түп жеміс ағаштарының көшеттерін демеуші өз қаржысына сатып алып, сыйға тартты.

«Бүгінгі жасалынып отырған шара – Төлеби ауданының даму концепциясында көрсетілген тармақтың бірі. Біз алдағы уақытта демеушілер тарту арқылы ауданымыздағы 14 ауыл округіне қарасты 150-ге жуық елдімекенді көгалдандыру ісімен айналыспақшымыз. Әр отбасы ауласындағы ескірген тал-дарақтарды алып тастап, орнына жаңа жеміс көшеттерін отырғызуы тиіс. Бүгінгі жеміс көшеттері алдағы бір-екі жылда өз жемісін беретін болады», - деді Төлеби ауданының әкімі Бұқарбай Парманов.


Back to the list