28.11.2016
Өткен 3 жыл ішінде орындалған табиғатты қорғау іс-шаралары атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын 14,5 мың тоннаға немесе 8%-ға азайтуға мүмкіндік берді. 2015 жылы шығарындылар көлемі 168,05 мың тоннаны құрады, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Экологиялық жағдайдың жақсаруына кәдеге жаратылған ілеспе мұнай газы үлесінің ұлғаюы да әсер етеді. Ағымдағы жылғы 6 ай қорытындылары бойынша 3,2 млрд текше метр кәдеге жаратылған, бұл 2015 жылғы ұқсас кезең көрсеткішінен 20%-ға артық.
Су объектілерін қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Экология департаменті облыстың ірі елді мекендеріндегі тазарту құрылыстарының техникалық жай-күйін қарап тексереді, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылыстарының жай-күйіне талдау жасайды. Талдау қорытындылары бойынша тазарту құрылыстарын салу және қайта құру бойынша ұсыныстар енгізіледі.
Жыл сайын облыс бойынша 350 мың тонна тұрмыстық қалдық пайда болады, олар қолданыстағы 9 полигонда орналастырылады.