• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
5 жыл ішінде экотуризм Қазақстанның бюджетін 1 млн теңгеге толтырды 07.10.2016

Соңғы бес жыл ішінде жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келуінің оң үдерісі байқалуда, жалпы алғанда ЕҚТА-да 4,5 млн. астам адам болды.  Сонымен, 2016 жылдың 7 айында 741 822 адам болды.

Ағымдағы жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырудың көлемі – 8,1 млрд. теңгені 2015 жылға қарсы 6,8 теңгені құрады.

Комитет тендерлер нәтижелері бойынша жалпы көлемі 9948,21 га 257 жер учаскесін ұзақ мерзімді пайдалануға және жалпы көлемі 248, 68 га 135 жер учаскесін қысқа мерзімді пайдалануға берді. Айрықша баса айтайық, ЕҚТА-да туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін жер учаскелері жалға берілмейді және оларға жерге мемлекеттік актілер тапсырылмайды.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің шегінде табиғи аумақтардың рекреациялық сыйымдылығын, қатаң түрде белгіленген бағыт бойынша туристік және рекреациялық аймақтарды пайдалануға маршруттар ұйымдастыруды ескере отырып, туристер мен келушілердің ағынын реттеу жүйесін енгізу жұмыстары жалғастырылуда. Туристік және рекреациялық қызметтер аймағына бөле отырып барлық ұлттық парктердің аумағын аймақтарға бөлу өткізілді.

Сондай-ақ, ЕҚТА-ға келушілер санының көбеюі ЕҚТА-туризм инфрақұрылымын, қонақ күтетін үйлер, Сапар орталықтарын құрумен және жақсартумен, ЕҚТА-ны абаттандыруды жақсарта түсумен байланысты екенін атап өтуге болады. Қазіргі кезде Ақсу-Жабағлы МТҚ, Қорғалжын МТҚ, Бурабай МҰТП, Наурызым МТҚ және Іле Алатауы МҰТП-да 5 Сапар орталығы жұмыс істейді.

 


Back to the list