09.02.2015
Қала әкімдігі хабарлағандай, сығымдалған метан газымен жүретін, экологиялық тұрғыдан алғанда таза әрі сыйымдылығы үлкен мұндай автобустар Шымкент қаласына алғаш рет жеткізілгенін де атай кеткен жөн. Автобустардың жалпы құны 2,5 миллиард теңгені құрайды. Бұл үшін қажетті қаражатты серіктестікке «Qazaq Banki» АҚ ұсыныпты.
Ұзындығы 10 метрге жететін, жалпы сыйымдылығы 85 адамға лайықталған 120 автобустың әрбірінің құны 85 мың АҚШ долларын құрайды. Ал, 80 автобустың жалпы сыйымдылығы 70 адамға лайықталған. Тиісінше, бағасы 65 мың АҚШ долларына тең. Жаңа автобустар диспетчерлік бақылауды реттеу үшін GPS навигаторларымен және жолаушылар үшін тегін қызмет көрсететін WI-FI интернет желісімен қамтылған.
Сонымен қатар, бұл кеште «Эко нұр» көлік газ толықтырғыш компрессорлық бекеті де іске қосылды. Автопарк базасының жалпы құны – 500 миллион теңгені құрайды. Әзірге база қызметінде 1000-ға жуық жұмыс орнының ашылуы жоспарлануда. Бекетте орналасқан заманауи құрылғылар бір мезетте 8 автобусты газбен толтыра алады.