• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда жастарға арналған эко-туристік бизнесті жолға қою ұсынылуда 13.01.2015

«Жастарға арналған эко-туристік бизнесті жолға қою керек. Жастар ерікті түрде қоғам өмірінің әр саласына ат салысуға бейім келеді. Осы орайда Астана жанынан өңірлік алаң құратын болсақ, жастар онда бас қосып, тәжірибе жасар еді», - дейді Т.Немцан.

Оның айтуынша, «жасыл» технологияларды енгізу мен жастар, қарапайым отбасылар мен шағын және орта кәсіпкерлер арқылы тәжірибе жасау ауылдық жерлерде әлеуметтік даму мен тұрақтылықты қамтамасыз етер еді.

«ЭКСПО-2017 көрмесіне көптеген туристер келеді. Олардың біздің өмір мен салт-санамызға көңіл аударатыны даусыз. Қонақтарға арналған «жасыл» этно-үйлер салу қарапайым қазақстандықтар туралы мәлімет беруге мүмкіндік бермек», - дейді қор жетекшісі.

«ЭКСПО-2017 – халықтық жоба. Ол елімізді халықаралық деңгейде танытатын идеолоиялық құралға айналып отыр», - дейді Т.Немцан.

Камила Амирова


Back to the list