07.10.2014
«Бүгінде қатты тұрмыстық қалдықтардың 3 полигоны апаттық жағдайда болғандықтан қоршаған ортаны ластап, инфекциялық аурулардың тарауына себеп болып отыр. Аталмыш нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын дайындап, оның құрылысын қолға алу керек. Нысандардың 16 пайызына күрделі жөндеу жүргізу қажет. Тағы 4 пайызын өзге ғимаратқа ауыстыру қажет. Қабылданып жатқан шаралар мен сот шешіміне қарамастан осынау апаттық нысандар қызметтерін жалғастырып отыр. Себебі оларды алмастыратын өзге нысандар жоқ», - дейді.
Оның айтуынша, егер нысандар жабылса, онда халық сұранысы жеткілікті деңгейде қанағаттандырылмай қалуы мүмкін.
«Осы орайда көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында ҚР ҰЭМ нысандар тізімін дайындады. Сол арқылы 2015-2017 жылдарға сәйкестендіріп қажетті шаралар қабылданбақ. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде инфекциялық ауруларға тосқауыл қойылмақ», - дейді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, осындай нысандардың 16 пайызы құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын дайындау керек.
Индира Қауметова