• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда жалпықалалық сенбілікте 1200-ден астам ағаш отырғызылады - әкімдік 07.10.2014

Жиналған қоқысты дер кезінде шығару үшін арнайы 800 техника бірлігі пайдаланылады. Жалпықалалық сенбілік аясында 1230 ағаш отырғызылады, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Сенбілік кезінде қала көшелері, аулалар, саябақтар, арықтар мен жағалаулар санитарлық тазарады. Қалаға қосылған аумақтарды тазартуға ерекше көңіл бөлінбек.

«Сенбілікке қоғамдық және жастар ұйымдары, заңды тұлғалар, КСК, ПКСД, басқалары да қатысады. Олардың барлығы қажетті заттармен толық қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

Осы шара барысында қала келбеті де назардан қалмайды, ағаштар әктеліп, турникеттер, орындықтар, басқалары боялады.


Back to the list