07.10.2014
ЭКО-көпір еліміздің жастары мен оқушыларының басын біріктіреді. Оның басты мақсаты – жастар мен жас қазақстандықтарды экологиялық проблемаларды шешуге шақыру, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру кезінде заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану.
Кездесуде адамның әлеммен, өзімен және қоршаған ортамен келісім ішінде қалай өмір сүру керектігі, «Жер ресурстарын сақтап қалу үшін өз қажеттіліктеріңді қалай басқару керектігі?» туралы мәселелерді қатитын «Жер мұрасы» деректі фильмін тамашалап, талқылау қарастырылған.
ЭКО-көпірдің алғашқы қатысушылары Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық академия студенттері, 13 қазаннан бастап эстафетаны Ақтөбе мен Көкшетау қалаларының оқушылары мен студенттері қабылдап алады. Шара ұйымдастырушылары ЭКО-көпір барысында 15 000 қазақстандықтың басын қосуды жоспарлауда. Оның ең белсенділері өз аймағын II Ұлттық экологиялық жастар форумында таныстырады, ол дәстүр бойынша 2015 жылдың сәуір айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтеді.
ЭКО-көпір тікелей режимде және «Жандану» жобасының ресми сайтында онлайн режимінде өтеді.
Айта кетерлігі, «Жандану» эко жобасы 2012 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асуда. Оның аясында 2014 жылдың қыркүйек айында «Экология және тұрақты даму» экология пәні оқулығы таныстырылды. Жалпы орта білім беретін мектептерде пән ретінде енгізілді, «Экологиялық мәдениет» факултативті курсы сәтті жүзеге асуда, Астана,Ақтау,Алматы қалаларының базалық мектептерінде сыныптан тыс модуль әзірленуде.