20.09.2014
«Жалпықалалық сенбілікке 4300 кәсіпорын және ұйым, 47 жоғары және арнайы орта оқу орындары, 86 орта мектеп, 131 мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардан 95 мыңға жуық адам қатысты. Оларды аудандық әкімдіктер қажетті құрал-жабдықтармен, атап айтқанда күрек, тырнауыш, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етті», - деп хабарлады қала әкімдігінде.
Сенбілік кезінде жиналған қоқысты шығаруға 460 техника, соның ішінде 280 жүк көлігі, 180 жүк тиегіш жұмылдырылды.
Сенбілік күні бірнеше аумақта 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Атап айтқанда, Алматы ауданында – 2 153 ағаш , Сарыарқа ауданында – 150 ағаш және 1000 п.м. жасыл қоршау отырғызылды.
Экологиялық айлық шеңберінде қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар және квартал аумақтарын тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, Есіл өзені, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ жылғаларын қоқыстан және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылады.