16.09.2014
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, «Тенуса» ЖШС кәсіпкерлігінде 2011 жылдан бастап құрылыс бұйымдары өндірісі полимерлік-композитті материалдар негізінде жүргізіледі. Өндіріс технологиясы кәсіпкерліктерден, ұйымдар мен халықтан жиналатын түрлі пластикалық қалдықтарды өңдеуге негізделеді. 2013 жылы компания 150 тонна пластикалық қалдықты кәдеге жаратқан.
Сонымен қатар, өңірде жеке құрылымдар картон, қағаз, пластика, полиэтилен, өңделген люминатты лампалар, сынапты құрылғыларды жинауды жолға қойған. Қалдықтар Қостанай облысын Лисаковск қаласына жөнелтіледі.
Бірқатар жеке кәсіпкерліктер жарамсыз автокөлік шиналарын жинап, көліктердің қолданылған майлары мен аккумуляторларын кәдеге асырумен айналысады.
2013 жылы облыс бойынша шамамен 550 тонна картон мен қағаз 42,7 пластика мен полиэтилен, 10 тонна сынапты лампалар өңдеуге жөнелтілді.