• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағанды облысы кәсіпорындарына  экологиялық тәртіпті бұзғаны  үшін 29,6 млн теңге айыппұл салынды 08.09.2014

Оның айтуынша, экологияық заңнаманың бұзылуы себепті облыстың 8 нысанының қызметі тоқтатылған. Қабылданған шаралар нәтижесінде өңірде қоршаған ортаға зиян келтіру көлемінің төмендеу үрдісі байқалады.

«Сонымен қатар, өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі де әлі де болса өз шешімін толықтай таппай отыр. Және де экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға келетін коммуналдық қалдықтарды көшу полигондары  тапшылық байқатуда», - дейді.

Жиын соңында өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков облыстың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды талап етіп, бірқатар тапсырмалар берді, коммуналдық қалдықтарды көму полигондарының қолданыстағы заңнамаға сай жүргізу шараларын ретке келтіру мен контейнерлік алаңдарды реттеп, сынапты шамдарды жинайтын контейнерлерді алуға бөлінетін қаражатты қарастыруды тапсырды.

«Әкім қала, ауыл мен аудандарды дамытудың кешенді жоспарына қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі, кәріз тазартқыш жүйелерін жаңғырту мен өзге де шараларды енгізу керектігін міндеттеді», - деп хабарлайды әкімдік.


Back to the list