• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандық кәсіпорындардың 80 тонна қауіпті қалдықтары Францияда жойылды 31.07.2014

Бұл шара БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстанда полихлорланған дифенилдарды (ПХД) басқару жөніндегі кешенді жоспарды құру және орындау жобасы аясында іске асырылды. Аталған жоба Қазақстанның тұрақты органикалық ластаушылар жөніндегі Стокгольм конвенциясы шеңберінде алған міндеттемелерін орындауға бағытталған.

Бірқатар қазақстандық ірі кәсіпорындарының трансформаторларынан алынған ПХД майларын қосу есебінен тасымалданатын қалдықтардың мөлшері бастапқы 60 мың тоннадан 80 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Тасымалданатын жүк қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес ыдыстарға құйылды. Қажетті рәсімдер өткізілгеннен кейін ПХД қалдықтар құйылған 292 бөшке Лион қаласына (Франция) жеткізіліп, Треди зауытында жойылды.


Back to the list