30.07.2014
Барыстар теңіз деңгейінен 2600 м биіктікте Кіші Өрікті шатқалында, ұлттық парктің қорық режимді аймағында түсірілді. Камералар барыстың аналығы мен оның былтыр туып, өсіп қалған екі күшігін түсіріп алған.
Камера объективтеріне сондай-ақ сол аумақты мекен ететін басқа да аңдар – тяньшань қоңыр аюы, түркістан сілеусіні және барыстың негізгі қорегін құрайтын жануарлар: таутеке, марал, елік, қабан, құм қояны іліккен.
Барыстың іздері ұлттық парктің басқа да шатқалдарында кездесетіндіктен, олардың аумақтарға таралуы мен санын анықтау үшін фотоқақпандар қолданылатын зерттеулер өрісі кеңейе түспек.
Барыстың тыныс-тіршілігін зерттеу «Көлсай көлдері» МҰТП мен ҚР білім және ғылым министрлігінің Зоология институтының ғылыми ынтымақтастығы шеңберінде жүргізілуде.