14.07.2014
Рұқсат етілмеген қоқыс орындары қоршаған ортаға зиянын тигізбей қоймайды. Нәтижесінде онда пайда болған жәндіктер мен зиянкестер халыққа белгілі бір деңгейде қауіп төндіреді. Осыған орай Астанада рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойю жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Промышленный тұрғын массивінің «Щебсклад» саяжайының аумағында комуналды сенбілік ұйымдастырылып, соның барысында карьерлерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Шараға 5 жартылай жүк жән 6 жүк көлігі жұмылдырылды. Сонымен қатар Алматы ауданы ІІБ инспекторларымен бірлесе отырып қоқыс тастауға тыйым салатын белгілер мен экологиялық посттар орнатылып, кезекшілік ұйымадстырылды.
«Жүргізілген шаралар нәтижесінде көрсетілмеген жерге қоқыс тастау бойынша 5 дерек анықталды. Көлік иелері ҚР ӘҚБ Кодексінің 387 бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.