• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Шегірткемен күресуге 198 бүріккіш техника жұмылдырылды – АШМ 10.07.2014

Шекаралас аумақтарда үйірлі шегірткелердің таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі химиялық өңдеулерді жүргізу үшін 440,0 мың гектарға қосымша препараттарды бөлді. Оның 400,0 мың гектары Қостанай облысында және 40,0 мың гектары Ақтөбе облысында жоспардан тыс өңдеу жүргізілетін болады. 

«2014 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша Ресеймен шекараласатын үш аймақтарда (Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында) 2,7 млн.га аумақта өңдеу жүргізілді. Оған қоса италияндық прусқа қарсы алаңдарды зерттеу және химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. Шегіртке тектес зиянкестермен күресу үшін бүріккіш техникалардың 198 бірлігі жұмылдырылған: (37) аэрозольдік генераторлар, (36) аса жеңіл авиация және ұшақтар және (125) жер үсті бүріккіштер», делінген хабарламада.

Бүгінде республика бойынша барлығы 12,4 млн.га алаң тексерілді, оның жоспарланған 4,0 млн.га алаңның 3,8 мың гектары өңделді. Марокко шегірткесіне қарсы өңдеулер толығымен аяқталды, сондай-ақ азиа шегірткесіне қарсы алаңдарды өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын.   


Back to the list