• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Оңтүстік Корея орман шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнатты 20.06.2014

Нұрлан Қаппаров пен Шин Вон Соптың ҚР ҚОСРМ-де өткізген кездесуі барысында орман шаруашылығы мен ормандарды қалпына келтіру, олардың биоалуантүрлілігін сақтау және үнемді пайдалану салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Тараптар Қазақстанда ормандарды сақтау және ел аумағының ормандылығын жоғарылату жөніндегі бірқатар жобаларды, атап айтқанда – Арал теңізінің құрғап қалған түбінде  фитоорманмелиорациялық жұмыстар мен  Астана қаласының «жасыл аймағы» аумағында орман кешенін құруды бірлесіп жалғастыру перспективалары қарастырылды.  Сонымен қатар белгіленген жобаларды іске асыру үшін халықаралық даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды


Back to the list