09.06.2014
Аталған шара Елбасының «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін дайындауға отандық компанияларды тарту жөніндегі тапсырмасын орындау және еліміздің «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде хабарлады.
Семинар мақсаты - отандық компаниялардың «жасыл» экономика әдіснамалары бойынша әлеуетін арттыру және оларға BREЕAM мен LEED стандарттары бойынша дәріс беру.
Семинар тренерлері ретінде CBRE (Ұлыбритания) компаниясының сарапшылары тартылған.
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындығына үлес қосуға ықылас білдіретін отандық құрылыс компанияларының өкілдері халықаралық «жасыл» құрылыс стандарттарымен танысуға және білім алуға шақырылады.