22.04.2014
«ҚР Білім және ғылым министрлігінің алдына Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша ұсыныстар енгізу тапсырмасы қойылды. Бағдарлама тек табиғатты қорғау мен экологияны сақтауға ғана емес, жастардың тәрбиесі мен еңбекке баулуға да бағытталған. 2008 жылдан бастап ірі жұмыстар атқарылуда. Бағарламаға 200 мыңдай адам ат салысып, 44 млн-дай ағаш отырғызылған. 2014 жыл бағдарламаның соңғы жылы болғанымен, бүгін ҚР Үкіметінің отырысында 2015-2017 жылдары «Жасыл Ел» бағарламасын жалғастыру туралы шешім қабылданды. 2015-2017 жылдарға арналған бюджетті дайындау барысында «Жасыл Ел» бағарамасына да қаражат қарастырылады», - дейді еліміздің бас ұстазы.
Министрдің айтуынша, бағдарлама аясында бағдарламаның өңірлік штабтарындағы жұмыстар күшейтілмек.
«Әр өңірде «Жасыл Елдің» штабы жұмыс істейді. Ол аудандарда Үкімет есебінен күшейтіледі», - дейді.
Ведомство басшысының айтуынша, алдағы уақытта Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі мен «2017 Универсиаданың» маңызды нысандарының құрылысына «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы мен студенттердің құрылыс жасақтарын да тарту қарастырылған.