• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өскеменнің жастары «Жасыл жапырақ» акциясына қолдау көрсетті 22.04.2014

Шара аясында студенттер мен оқушылар қорық-мұражайының сол жағалауында 100-ден астам қайынның көшеттерін отырғызды. Өткен жылы ол жерге 200-ден астам қайынның көшеттері отырғызылған, деп ШҚО Ақпарат орталығынан хабарлады.

Жалпы, «Жасыл жапырақ» акциясы аймақта дәстүрге айналған, ол осымен төртінші жыл қатарынан өткізілуде.  Сонымен қатар, игі бастамаға атсалысатындар саныда жыл сайын артып келеді.

Жастардың айтуынша, олар аталмыш шараға қатысатындарын мақтан тұтады.

 Ал, ұйымдастырушылардың пайымынша игі шара жастардың туған табиғатына деген жанашырлығы мен жауапкершілігін арттырады.


Back to the list