21.04.2014
Форумға аймақтық 13 ірі ЖОО мен Алматының 15 университеті мен колледждерінен 1200 делегаты қатысады, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
Шараның мақсаты – «жасыл» экономика ұстанымын ілгерілету мен іске асыру үшін, экологиялық шешімдерді қабылдау процесі мен қоршаған ортаны қорғау қызметіне жастарды тарту арқылы экологиялық мәдениетті арттыруда студент жастардың басын біріктіру болып табылады.
Айта кету керек, шара бағдарламасында «РИО 20+» БҰҰ Дүниежүзілік Саммитінде қабылданған резолюция болып табылатын «Ұрпақтар жалғастығындағы жасыл өткел» сайтының тұсаукесер рәсімі, «Жастар. Экология. Мәдениет» ғылыми-тәжірибелік конференциясы жұмысына студенттердің қатысуы мен баламалы қуат көздері, үй құрылысы мен әлеуметтік экология саласындағы ғылыми-инновациялық эко-жобалар көрмесі де қамтылған.
Сонымен қатар, форумның қатысушылары мен қонақтары үшін «Хабар» Агенттігі тарапынан дайындалған «Жер мұрасы» деректі фильмі цикліндегі «Менің «Елімнің» экологиясы» тақырыбындағы студенттердің байқаулық видео-жұмыстары таныстырылатын Эко-кинотеатр өз есігін ашады.