18.04.2014
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, сенбілікке 7 мыңға жуық көкшетаулық қатысады деп күтілуде және 80-ге жуық техника тартылады. Сонымен қатар, сенбілік аясында 500-ден астам көшет отырғызылады деп жоспарланған.
Айта кетерлік жайт, облыс орталығының аумағы 115 учаскіге бөлініп, ұйымдар мен кәсіпорындарға бекітілген.
«Көкшетауды санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын басқару үшін әкімшілікте арнайы штаб құрылып, қалалық ұйымдар және кәсіпорындармен жиналыстар өткізілді», - деп Көкшетау қаласы әкімінің кеңесшісі Д. Жакеев ағынан жарылды.