• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ИЖТМ ЭКСПО-2017 көрмесінен   кейін нысандардың бірқатарын  геологиялық салада қолданады 07.04.2014

«Қазіргі таңда Назарбаев Университетімен бірігіп геологиялық зерттеу орталығын құру жұмыстары жүргізілуде. Шеберлік жоспары дайындалып, ТЭН дайындалуда. Айта кету керек, биыл іргетасы қаланып, геологиялық орталыұтың құрылыс жұмыстары басталады. Жалпы көлемнің 50 гектары кластерлер қалыптастыру үшін Назарбаев Университетіне берілген. Соның 7 гектарын геологиялық кластер алмақ. Аталмыш аумаққа қорлардан бастап зертханаға дейінгі геологияға қатысы бар барлық дүние енгізілмек. Сонымен қатар алдағы уақытта ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандарынан үмітіміз бар. Демек көрмеден кейін ғимараттар мен құрылығылар, пәтерлер біздің иелігімізге өтпек», - дейді Н.Сауранбаев.

Естеріңізге сала кетейік, «Назарбаев Университеті» АОҰ  жанынан негізгі элементі ғылыми парк болып табылатын инновациялық-зияткерлік кластері құрылады.

«Сонымен қатар, Қарағанды көмір бассейнін зерттеу бойынша шаралар жоспары дайындалды. Биыл барынша әлеуетті учаскілерді анықтау үшін Қарағанды көмір бассейні бойынша қорлық материалдарды топтастыру мен сараптаманы аяқтау жоспарланған», - дейді Н.Сауранбаев.

Вице-министрдің айтуынша, тарихи шығындарды есептеу жүйесін дайындау мен геологиялық ақпараттарды беру тәртібі қысқартылды.

«Мұндай процедуралар биыл құпия материалдармен жоспарлануда. Бізде болған құпияландыру қарқыны геологиялық ақпараттарды беру көлемін қаматамасыз ете алмады», - дейді Н.Сауранбаев.


Back to the list