04.04.2014
Қалалық әкімдікте хабарлағандай, мамандандырылған контейнерлер экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Энергия үнемдейтін шамдар денсаулыққа өте зиянды, оны қарапайым қоқыс жәшігіне тастауға болмайды.
Оған қоса, сынапты шамдарды жинауға арналған контейнерлер арнайы материалдан жасалған. Сондай-ақ, арнайы қоқыс ұстайтын пакет те бар.
Сонымен қатар, халықпен сынапты шамдарды қолдану бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстары да жүргізіледі. Осы мақсатта тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылады.