• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада «Астана тазарту»  ЖШС жаңғыртылған техникасы таныстырылды 04.04.2014

 «Астана Тазарту» ЖШС-ның газдыдизельді жүйелер саласының соңғы үлгідегі құралдарымен жаңғыртылған мамандандырылған техникасының тұсаукесері өтті. Қазіргі таңда «Астана Тазарту» ЖШС қалдық шығаратын 9 техникасы аталмыш жүйемен қамтылды. Жабдық толықтай сынақтан  өтті және пайдалануға жіберілді, деп Астана қаласы әкімдігінің  ресми порталы хабарлады.

«Мұны Еуропа тәжірибесімен де түсіндіруге болады: Еуропа экологиясы - газбаллон құралын пайдалануда бірінші орында тұр, кейін барып олар қаржылық пайдасын ойлайды. Өкінішке қарай, кеңестік кеңістік елдерінде экономикалық тиімділік басымдыққа алынған. Әрине ол да маңызды екенін түсінемін. Біздің құрал дизельді қозғалтқаш шығындыларының экологиялық әсерін айтарлықтай жақсартады және адамның денсаулығына зиян қалдықтарды азайтады»,- дейді Автогаз Глобал президенті Михаил Яковенко.

«Астана-Тазарту» ЖШС - BLUE POWER DIEZEL жүйесін енгізу арқылы қолданыстағы мамандандырылған техникаларына жаңғырту жүргізген қаладағы коммуналдық кәсіпорынның алғашқысы. Қазіргі таңда «Астана Тазарту» ЖШС қалдық шығаратын 9 техникасы аталмыш жүйемен қамтылды. Жабдық толық сынақтан  өтті және пайдалануға жіберілді.

Сонымен қатар, бұл әдістің тағы бір ерекшелігі жүргізушілердің жұмысына еш өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Олар бұрынғы тәртіппен жұмыстарын жасай бермек. Тек салонда ғана газ реттегіш қосымша құрылғы орнатылады. Оны пайдалану кезінде еш жағымсыз нәтижелер анықталған жоқ. Сондықтан қалған 40 техниканы алдағы уақытта толықтай жабдықтау көзделіп отыр.

 


Back to the list