• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда автомобиль өндірісі 3,6 есе өскен 25.07.2017

Бірінші жартыжылдық қорытындылары бойынша Қазақстанда 64,5 млрд теңге сомасына 8 768 автомобиль шығарылған. Автомобиль өндірісі 3,6 есе өскен (8 768 бірлік).

Осы ретте, жергілікті жерде құрастырылған автомобильдерді өткізу 57,5%-ға өскен. Қазавтоөнеркәсіптің ішкі нарықтағы үлесі 21,8%-дан 37%-ға дейін өскен. Автомобильдердің 10,7%-ы экспортқа жіберілген.

Автоөнеркәсіптің республиканың ЖІӨ-сіне үлесі (64,5 млрд теңге) фармацевтикалық және жеңіл өнеркәсіп көрсеткіштерінен асып, 20,1%-ға өскен.  

Жеңіл автомобильдер өндірісі 7 779 бірлікке жетіп, 5,3 есе өскен. Автобус техникасының шығарылымы (313 бірлік) 2017 жылғы қаңтар-маусым қорытындылары бойынша бір жыл бұрын болған көрсеткіштен 4,4 есе асқан. Жүк автомобильдерінің өндірісі (487 бірлік) 32,1%-ға қысқарған.

2017 жылғы маусым қорытындылары бойынша автомобильдер шығарылымы 1818 бірлікті құраған, өсім 2016 жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,5 есені құраған.

Есепті кезең қорытындылары бойынша 831 автомобиль (салалық өткізудің 10,7%-ы) Қытайға, Ресейге, беларусь пен Тәжікстанға экспортталған. 


Back to the list