15.07.2017
«Құрылысты ертерек бастау жоспарланған болатын, алайда, жоба бойынша бастамашы өндіріс қуаттылығын ұлғайту туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде, қаржыландыру көлемі 81 млрд теңгеден 87 млрд теңгеге дейін, небары 7,4%-ға ғана ұлғайған жағдайда, жоба қуаттылығы жылына 200 мың тоннадан 300 мың тоннаға дейін немесе 50% ұлғаяды», - деп атап өтті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихаттың XIV сессиясында.
Әкімнің айтуынша, Үкімет осы жобаны қолдап, 2018 жылы республикалық бюджеттен жаңа зауытқа инфрақұрылым өткізуге 3,5 млрд теңге бөлінбек.
Бұл республикада кальций қосылған сода шығаратын жалғыз зауыт болатынын атап өту қажет, ол еліміздегі осы өнімге сұраныстың 75%-ын өтейтін болады. Бүгінде кальций қосылған сода нарығының 100%-ы импорттық өнімнен құралады.