• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҮЕҰ-дан грант алу үшін өтініштер 3 есе артты 14.07.2017

Оrtcom.kz хабарлауынша, сараптамалық комиссияның қорытындысы бойынша 18 грантқа 71 ҮЕҰ-дан 93 өтініш келіп түскен.

Атап өтер болсақ, сараптамалық комиссияға ҚР Парламент депутаттары, БАҚ, үкіметтік емес сектор өкілдері қатысты. Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдар 41 мемлекеттік грантты жүзеге асыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік гранттар конкурсының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясында айтылды. Баспасөз жиынға «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев, Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің теле-радио және жұртшылықпен байланыс кафедрасының доценті, сараптамалық комиссия мүшесі Қанат Әуесбай, «SOS Қазақстанның балалар қалашықтары» бағдарламалық даму жөніндегі ұлттық директоры Мария Чернова, «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының президенті Қайрат Елубаев қатысты.

«Үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен өтініштердің көпшілігі толықтыруды қажет етеді. Өтініштерді рәсімдеу тұрғысынан қазақстандық ҮЕҰ-ларды оқыту қажет», - деде сараптамалық комиссия мүшесі Қанат Әуесбай.  

Сонымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ-ларға арналған 14 мемлекеттік грантты беру туралы шешім қабылдады

Ал, гранттар туралы ақпаратты Орталықтың ресми cisc.kz сайтынан алуға болады. 


Back to the list