15.06.2017

«Біз экономикалық мәселелерді шешу үшін жиналып отырмыз. ҚР Үкіметі Дүниежүзілік банкпен бірге ұлттық экономиканы ырықтандыру және оның бәсекеге қабілеттілігінің өсімімен, жаңа жұмыс орындарын ашумен, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырумен, сондай-ақ экологиялық дамудың тұрақтылығымен байланысты міндеттерді орындау үшін жұмыс істейді», - деді Б.Сағынтаев.
Ол айтып өткендей, Дүниежүзілік Банктің қолдауының арқасында Қазақстанда 1300 км жол салынып, жаңғыртылды. Сырдария өзенінің арнасын және Арал теңізінің солтүстік бөлігін реттеу Арал маңындағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.
«Қазақстанның алдында күрделі мәселе – жаһандық шынайылықта жеткен жетістіктерді бекіту. Үкімет экономиканы жылдамдатылған технология арқылы жаңғыртуда, бизнес ортаны түбегейлі жақсартуда, өнімді жұмыспен қамтуда, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, адами капиталдың сапасын жақсартуда белсенді жұмыс атқарып келеді.Бүгінде Қазақстанның алдында кезең кезеңмен, 2021 жылға дейін, шамамен 5,5% экономика өсімі қарқындарына шығу міндеті тұр. Бұл әлемнің ең мықты 30 экономикасы қатарына сенімді ілгерілеуге мүмкіндік береді. Бұл – «Қазақстан - 2050» стратегиясындағы басты жалпыұлттық мақсат», - деді Премьер-Министр.
Министрлер кабинетінің басшысы айтып өткендей, Үкімет елдің 2025 жылға дейін дамуы бойынша экспорттық және инвестициялық стратегия дайындаумен айналысып жатыр.
«Бес ай бойынша ҚР экономикасы 0,4 пайызға өсті. Біз үкімет кеңсесі мен орталық штабта, министрлікте жобалық менеджменттің ұстанымдарын енгіземіз. Бүгінде дамуымыздың 8 негізгі бағыты анықталды – жанармай-энергетикалық кешен, АӨК, көлік және логистика, сауда, туризм, біз туризмді дамытудың жаңа тұжырымдамасына көштік. Бізге электронды сауда қажет, осы саланы дамытуымыз керек, оның сұранысы өте жоғары, ол білім беру және денсаулық сақтау. Әрбір бағыт бойынша мақсатты индикаторлар анықталды, әрбір министр қай жылы қай бағыт бойынша өсім жинау керектігін біледі. Егер біз салалық бөлу туралы айтатын болсақ, олар өзара байланысқан. Сондай-ақ, 4 өтпелі сала анықталды, ол қаржылық тұрақтылық пен адами капитал, кәсіпкерлік және білім беру», - деді Б.Сағынтаев.
Қайрат Жандыбаев