15.06.2017
Сонымен, Литваның ұлттық медициналық сақтандыру қорының директоры Гинтарас Кацявичюс атап өткендей, біздің тұрғындар бұл жаңашылдыққа түсіністікпен қарайды.
«Тіпті, денсаулық сақтау саласында жүйе ауысып жатқанда Үкімет басты рөл атқарады. Бүгінде жарна көлемі артып келеді, алайда экономика дағдарысқа ұшырағанда экономикалық белснеді халықтың саны да азаяды. Бүгінде әлем көрсетіп отығандай денсаулық сақтау саласын қаржыланждырудың 37,5% халықтың өз қалтасынан төленеді. Осы ретте, ДДСҰ бұл көрсеткіш 20%-дан аспауы керек деген міндетті қойып отыр. Міндетті медициналық сқатандыру осы жағдайды өзгертуі керек», - деп атап өтті ол.
Спикердің айтуынша, Литвада бұл жүйе көптеген жылдар бұрын енгізілгенімен процес толығымен әлі де аяқталған жоқ.
«Сіздердің бұл жобаны табысты жүзеге асыру мүмкіндіктеріңіз жетерлік. Мәселен, қаржы көзін ауыстыру, Үкіметтің қатысуы және т.т. Сіздер кезең-кезеңімен енгізуді таңдап отырсыздар. Оның үстіне халық МӘМС-тің не екенін жіті түсінеді және оның деңгейі сіздерде өте жоғары», - деп түйді Г. Кацявичюс.
Macro Health Solution кеңесінің төрағасы Хасан Чагыл Түркиядағы міндетті әлеуметтік сақтандыру мен оны қаржыландыру туралы айтып берді.
«Біз МӘМС жүйесін 2016 жылы жақсарттық. Медициналық сақтандыруда адамның өмір сүру жағдайын жақсарту бірінші кезекте тұр. Біздің медициналық сақтандыру алдыңғы қатарлы ірі қалалардан басталуда. Ал, Қазақстанда мен бір жағдайды байқадым. Сіздердің елдеріңіз ұлт денсаулығына ерекше көңіл бөледі және сақтандыру дамуда. Мемлекет МӘМС халыққа бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеіу керек», - деді Хасан Чагыл.
Естеріңізге сала кетейік, Астана экономикалық форумы аясындағы «Міндетті медициналық сақтандыру сапа мен медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру құралы іспетті» панельді сессияда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»ҰАҚ жоспарлау және медициналық қызметті сатып алу бойынша басқарушы директоры Эрик Байжүнісов шетелдік әріптестерін МӘМС жүйесі қалай енгізіліп жатқаны туралы хабардар етті.
Ақбота Күзекбай