• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қаржы министрі  АДБ Вице-Президентімен кездесті 14.06.2017

Кездесу барысында Тараптар АДБ мен Қазақстан Республикасы арасындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері мен 2017-2021 жылдарға арналған Банктің біздің елімізбен жаңа Елдік әріптестік стратегиясын талқылады.

АДБ Вице-Президенті Венчай Жангтың айтуы бойынша, жаңа Елдік әріптестік стратегиясының шеңберінде дамыту ынтымақтастықтың басым бағыттары болып білім, денсаулық сақтау, транспорт, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, энергетика және қоршаған орта саласын жақсарту, ауыл шаруашылығы аймақтарын, қалалық инфрақұрылымды, шағын және ірі бизнесті дамыту анықталған.

"АДБ жаңа Елдік стратегиясының бағыттары «Қазақстанның Үшінші жаңғыруының» және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржылық ұйымдар арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберіндегі Қазақстанның дамуы бойынша ынтымақтастық бағдарламасының мақсаттарына сәйкес болуы қажет", - деді Б.Сұлтанов.

Кездесуді қорытындылай келе, екі тарап та Банк пен Қазақстан арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенімдерін білдірді.

 


Back to the list