15.05.2017
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ мәліметі бойынша, жыл басынан бері 1,3 млн. тонна болат өндірілді және бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,2%-ға көп.
Комбинаттағы домна пештері төрт айда 1,2 млн. тонна шойын шығарған, ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда 8,4 %-ға артық. 2007-ші жылмен салыстырғанда болат және шойын өндірісі 1,8 және 2%-ға сәйкесінше өскен.
«Біз негізгі қорды жаңғыртудың, комбинаттағы цех құрылғыларын жаңартудың, өндірістік агрегаттар жұмысын тұрақтандырудың арқасында осындай рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп отырмыз. Біздің ары қарайғы алға қойып отырған мақсатымыз – өндіріс және жөнелтім көлемін ұлғайту, өнімдердің сапасын жоғарылату мен технологияларды жақсарту, бос тұру және жоғалту деңгейін төмендету болады. Жәнеде ең бастысы – алға қойған мақсаттарды орындай алатын кәсіби жұмыс ұжымымыз бар», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин.