11.05.2017
Бюджеттің кіріс бөлігіне келетін болсақ, жергілікті бюджет бойынша атқару - 121,6%, облыстық бюджет бойынша — 143%, аудандық бюджеттер бойынша 109% құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда едәуір артық және түсім динамикасы өткен жылға қарағанда 129% құрайды. Бұл да едәуір көрсеткіш.
Жалпы төрт ай қорытындысы бойынша бюджетке түсімдер бойынша оң динамика байқалады. Асыра орындау 2 миллиард 62 миллион теңгені құрайды. Бұл үздік әкімшілендіру нәтижесі.
Бұдан бөлек, жедел деректер бойынша 4 ай қорытындысы бойынша орташа еңбекақы 93 мың теңгені құраған.
Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, шағын өсім бар.
«Біз мұндай міндет қойып отырған жоқпыз. Біз өтен жыл деңгейімен салыстырғандағы едәуір арту туралы айтып отырмыз. Барлық тауар өндірушілермен, барлық құрылтайшылармен сөйлестік. Енді қалғаны өз қолдарыңызда. Бұл бір айдың ішінде мүмкін емес екенін түсінемін. Алайда, жартыжылдық қорытындылары бойынша жақсы жағына қарай өзгерістер болуы тиіс», — деп атап өтті өңір басшысы.
Шығыс бөлігіне келсек, облыстық бюджет бойынша игеру – 98,6%, республикалық бюджет бойынша 98,4% құрайды.