10.05.2017
Сонымен, 2017 жылғы сәуірде облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2%-ға өсті.
2017 жылғы сәуірде азық-түлік тауарларының баға индексі 100,5% құрады. Ет бағасы - 1,3%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері - 2,4%-ға, көкөністер - 2,5%-ға, темекі өнімдері - 3,3%-ға, кондитерлік өнімдер - 4,3%-ға қымбаттады. Картоп 13%-ға қымбаттады. Құмшекер бағасы - 1,6%-ға, жұмыртқа - 5,3%-ға, күнбағыс майы - 2%-ға арзандады.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, үстіміздегі жылғы қаңтар-сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы 2,6% өсті, бұл сүт өнімдері бағасының - 1,6%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдердің - 2,9%-ға, кондитерлік өнімдердің - 6,6%-ға, темекі өнімдерінің - 6,3%-ға, еттің - 3,9%-ға, балық және теңіз өнімдерінің - 4%-ға, жемістер мен көкөністердің - 7,5%-ға өсуімен белгіленген. Картоп 39,4%-ға қымбаттады. Құмшекер бағасы - 11,5%-ға, күнбағыс майы - 4,8%-ға, жұмыртқа - 3,8%-ға, қарақұмық жармасы - 0,9%-ға арзандады.
2017 жылғы сәуірде азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,3%-ға өсті. Киім және аяқ-киім бағасы - 0,5%-ға, асханалық керек-жарақтар - 0,4%-ға, газеттер және мерзімдік басылымдар - 1,4%-ға, автокөлік - 1,9%-ға, велосипедтер - 4,1%-ға, қымбаттады.
Үстіміздегі жылғы қаңтар-сәуірде азық-түлік емес тауарларының баға индексі 101,9% құрады. Жуу және тазалау құралдарының бағасы 0,9%-ға, асханалық керек-жарақтар - 1,1%-ға, фармацевтикалық өнімдер мен құрылыс материалдары - 1,4%-ға, жеке пайдалануға арналған тауарлар - 1,8%-ға, газеттер және мерзімдік басылымдар - 7%-ға, автокөлік - 6%-ға өсті. Дизель отыны - 2,3%-ға, бензин - 4,1%-ға қымбаттады.
Бұдан басқа, 2017 жылғы сәуірде ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 0,2%-ға, соның ішінде жолаушылардың әуе көлігі қызметі - 4,4%-ға, қалааралық автобус - 11%-ға өсті.
Айта кетерлік жайт, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірде ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 1,3%-ға өсті. Мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтері - 4,6%-ға, құқықтық қызметтер мен сақтандыру қызметтері - 7%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған шығындар - 9,7%-ға, қалааралық автобус - 11%-ға амбулаториялық қызметтер - 15%-ға қымбаттады. Жолаушылардың темір жол көлігі қызметінің бағасы 1,9%-ға арзандады.