• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда экономиканың барлық салаларында өсім тіркелген 04.05.2017

Көптеген елдерде  әлемдік дағдарыс барысында экономикалық өсімнің бәсеңдегені байқалады. Бүкіләлемдік банктің мәліметі бойынша әлемдік экономиканың орташа өсімі өткен жылы 2,7%-ды құраған. Мысалы, Ұлыбритания  экономикасының  өсімі – 2,2%-ға дейін, Швейцарияда -0,8%-ға дейін, Сингапурде - 2%-ға дейін, Норвегияда - 1,6%-ға дейін, Кореяда - 2,6%-ға дейін, ал Ресейде  2,8%-ға дейін  төмендеген.

Алматыда 2016 жылы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 2,6%-ды құрап, 10,3 трлн теңгеге (102,6%) жеткен. Яғни, ЖӨӨ-нің 30%-ын және салықтың 55%-ын шағын және орта бизнес береді, экономиканың 87%-ы сауда және қызмет көрсету арқылы қалыптасады. Міне, бұл  жеке меншік сектор мен шикізат емес құрылымның  дамуы есебінен мегаполис экономикасының тұрақты түрде алға жылжып келе жатқанын көрсетеді.

Жалпы, қала экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасқан, мысалы өнеркәсіп - 0,1%-ға, құрылыс көлемі - 0,3%-ға, байланыс - 3,7%-ға, көтерме сауда - 6,5%-ға, инвестиция 4,8%-ға өскен. Инфляция белгіленген 8% параметрінен аспаған.

Демек, еліміздің ЖӨӨ көп мөлшерін беретін (22,3%)  Алматы  қаласы Қазақстан экономикасының 1% (101%) өсуін қамтамасыз етіп, өзінің  елеулі үлесін қосуда. 


Back to the list