04.05.2017
«2017 жылдың қаңтар-наурызында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 173,3 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Нақты көлем индексі 95,4%. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Тамақ өнімдері және басқалай металл емес минералдық өнімдердің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 9,6 пайызға жетті»,- деді Қ.Ысқақов.
Жалпы, спикер атап өткендей, облыс экономикасының маңызды бағыттарында өсім бар. Мысалы, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 26,6 млрд.теңгені құрады (өсім – 4,6%), құрылыс жұмыстарының көлемі – 5,7 млрд. теңгені (өсім – 6,1%) құраса, 137,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім – 37,1%).
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,9 млрд.теңгені құрады. Мемлекеттік бюджетке 24 387,5 млн.теңге салық және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға сәйкес 110,0%. Оның ішінде республикалық бюджетке 14 551 млн. теңге, жергілікті бюджетке 9 836,5 млн.теңге түсті.