• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда радиолокациялық техника шығару зауыты ашылды 28.04.2017

Осы жобаның қатысушылары – Қазақстанда үш координаталы радиолокациялық станциялар «Groud Master 400» сантиметрлік диапазон толқыны шығару туралы екіжақты меморандумға қол қойған «Казақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Гранит» арнайы конструкторлық-технологиялық бюро» ЖШС және «Талес» компаниясы (Франция).

Осындай жоба қазақстандық армияның, сондай-ақ осы өңір мемлекеттерінің мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Оны іске асыру кезінде өндірістік станцияларды республика аумағында шығарылатын тораптармен, агрегаттармен, байланыс құралдарымен және арнайы автомобиль техникасымен жиынтықтай отырып, оқшауландырудың 70%-дан астам деңгейіне қол жеткізу жоспарлануда. «Гранит-Талес Электроникс» ЖШС-да 150-ден астам жұмыс орны ашылды, технологияларды трансферттеу көзделуде.

Қазақстанда шығаруға жоспарланатын радиолокациялық техника өзінің тактикалық-техникалық сипаттамасы бойынша әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылады, ол радиолокациялық барлауға және әуе кеңістігін бақылауға арналған.

2014 жылы кәсіпорын станцияның тәжірибелік үлгісін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жеткізді, еліміздің Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің түрлі полигондарындағы одан әрі қарай әскери сынаулар барлық мәлімделген техникалық сипаттамаларды растады.

Жобаның шеңберінде сонымен бірге радиолокациялық техниканың перспективті типтерін шығаруды меңгеруге болатындығын атап өткен жөн.


Back to the list