• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысында металл рудасын өндіру 12%-ға артты 24.04.2017

Өнеркәсіп көлемі 350,4 млрд теңгені құрап, түрлі-түсті металл рудасын өндіру 12%, металлургия өнімін өндіру 52%, машина құрастыру 74%, құрылыс материалдары 29% көбейгені байқалады.

43,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 133,7 мың шаршы метр тұрғын үй  пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстарының көлемі 21,2% өсті, яғни 14,9 млрд. теңгені құрады.

«24,5 млрд. теңгеге ауыл шаруашылық өнімі өндіріліп, құрамына 2 159  қосалқы шаруашылықтар кіретін 148 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды», - делінген хабарламада.

Бөлшек сауда айналымы 94,1 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейінгі инфляция 102,7% құраса, инфляциялық үдерісті тежеу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес күн сайын кәсіпкерліктің субъектілеріне, соның ішінде қала мен облыс аудандарында  мониторинг жүргізіледі.


Back to the list