• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою рәсімі оңайлатылмақ 11.04.2017

«2017 жылғы 1 мамырдан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою рәсімі оңайлатылады, бұл салық төлеушілерге «Салық төлеушілер кабинеті» арқылы электрондық түрде салық өтінішін беру немесе әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде бір мезгілде «электрондық үкімет» порталы арқылы ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу мүмкіндігін беруді білдіреді», - делінген хабарламада.

Сұратуға жауапта ҚҚС төлеуші ретінде электрондық тіркеуді енгізу тіркеу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін алып тастау, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 5 жұмыс күнінен 1 күнге дейін қысқарту, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту негіздемелерін жою арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыруға мүмкіндік беретіні туралы айтылған. 

Сондай-ақ, мемлекеттік бюджетке 2017 жылғы салық түсімдерінің күтілетін көрсеткіші – 6 620,7 млрд теңгені, соның ішінде республикалық бюджетке – 4 806,0 млрд теңгені және жергілікті бюджетке 1 814,7 млрд теңгені құрағаны белгілі болды.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list