• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Израильге сиыр мен қой етін экспорттайды 10.04.2017

Екі тарап Қазақстан өнімдерін Израильге экспорттау мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, Израильде қой еті (кеудесі мен құйрық майы), жұмыртқа және өзге де өнімдерге қажеттілік бар. Екі жақты келісімнің ендігі кезеңі бұл өнімдерге қатысты ветеринариялық талаптар мен стандарттар мәселелеріне тіреліп тұр.

 «Бірінші кезекте  ауыл шаруашылығы өнімдеріміздің мүмкіндігі аталмыш сапар аясында жоғары қызығушылық тудырды.  Қазақстан мен Израиль министрліктерінің кездесуінде  Израиль өз нарығына қазақстандық еттің жеткізілуіне үлкен қызығушылық танытты. Сиыр еті мен қой еті сұранысқа ие. Бүгінгі таңда қой еті  Австралиядан келіп түседі, ол қатқан түрде жеткізіледі.  Нарықта сиыр мен қойдың таза еті аз кездеседі», - деді «Атамекен» ҰКП  төрағасының орынбасары  Нұржан Әлтаев.  

Оның айтуынша, Израиль сұранысқа ие құс жұмыртқасының жеткізілуіне қызығушылық танытып отыр.

«Аталмыш мәселені  израильдік әріптестермен талқыладық.  Үлкен қызығушылық  қой етіне туып отыр.  Егер біз ол жерге қатпаған ет жеткізсек,  бізде бәсеке болмайды.  Баға да жоғары әрі тиімді болады», - деді ол.

Төраға орынбасарының айтуынша, сауда нарығында  1 келі ет  22-25 доллар көлемінде айналады.  Қазақстан ішіндегі  көтерме баға келісіне  2-3долларды құрап отыр.  Қазақстандық тарап  логистика мен  жеткізуді де  ескереді.

«Біз  ең қымбат әуе көлігін алғанның өзінде тасымал  құны  2 доларды құрайды. Салқындатылған етті ұзақ уақыт ұстай алмаймыз.  Себебі, ол тез бүлінеді.  Атап айтсақ, қой етінің  өз құны Израильге шықса  5 долларды құрайтын болады.  Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін өте қолайлы баға», - деді Н.Әлтаев.

Ветеренарияға келетін болсақ, израильдік тарап  ветеринарлық  қызметке  талапты күшті қояды.

Ақбота Күзекбай


Back to the list