• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Степногорда  үш кен байыту фабрикасы салынуда 07.04.2017

Ақмола облысы әкімдігінің ақпаратын бойынша аталмыш жобаны жүзеге асыруға 10 млрд.теңге қарастырылған. Кәсіпорынның бас директоры Евгений Балашовтың айтуынша фабриканың қуаттылығы жылына 2,5 млн.тонна кеннен 1,0 тоннаға дейін Доре құймасын алуға көзделген. Техногенді-минералды жасандылардан алынатын алтын көлемі шамамен 70% құрайтын болады.  Фабрика іске қосылса 190 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Дәл қазір мұнда 60 құрылысшы еңбектенуде.

Бүгінде  «ГМК «Қазақалтын» АҚ  үш кен байыту фабрикасын салуда, олар Бестөбе және Жолымбетте.

«85 жылдық алтын өңдеу уақыты ішінде бізде құрамында алтыны бар 25 млн. тоннадан астам қалдықтар жиналып қалды. Оларды өңдеу Қазақалтынның өнімділігін арттырады», - деді «ГМК «Қазақалтын» АҚ  бас директоры Евгений Балашов.  

Өңір басшысы құрылыс жұмыстарына оң баға беріп, кәсіпорын облыстың өндірістік әлеуетін барынша арттыратынын атап өтті. 


Back to the list