• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Татарстан  «Қорғас» ХШСО-мен ынтымақтасуға ниетті 06.04.2017

АЭА өкілдері ресейлік делегация мүшелеріне Қазақстанның транзиттік көлік әлеуетін дамыту мақсатында Қорғастың көршілес мемлекеттермен логистикалық, экономикалық, мәдени қарым қатынас аясын кеңейте түскендігін әңгімеледі

Делегация жетекшісі В. Чершинцевтің айтуынша, «олар осы сапарында «Қорғас» АЭА мүмкіндіктерімен танысып, болашақта серіктестіктің табысты болатындығына» сенім білдірді.

Оның айтуынша, кездесу барысында сауда-экономикалық, қаржылық-инвестициялық, көліктік-логистикалық коммуникациялық басқа да көптеген бағыттарда өзара қарым-қатынас жасайтын болады.

Делегация мүшелері АЭА нысандарында болып, индустриялық және логистикалық аймақтардың, Құрғақ порттың, «Қорғас» ХШСО  мүмкіндігімен танысты.

Ресейлік кәсіпкерлер Қазақстанның аумағы арқылы Қытайға тауар өткізуге болатын транзиттік бағдарларды пайдалануға мүдделілік танытып отыр.

Делегация мүшелерінің пайымдауынша, болашақта «Қорғас» ХШСО аумағынан Татарстанның өкілдігін ашу арқылы кедендік және басқа да жеңілдіктерді қолдануға болатындығы кәсіпкерлерді ынталандырады.

«Қорғас» ХШСО АҚ басшысы Қ. Жазиннің айтуынша, «ресейлік кәсіпкерлер делегациясының келуі АЭА-та  екі ел арасындағы бизнес қауымдастықтардың әріптестік қатынасын одан әрі дамытуға серпін беретін белсенді жұмыстардың басталғандығының айғағы».

 


Back to the list