05.04.2017
Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба Индустрияландыру картасына енгізілген. Кәсіпорынның директоры Александр Мартынюктің айтуынша қазіргі кезде зауыт құрылысын бастауға әзірлік жұмыстары жүріп жатыр.
«Жұмыстар басталды. Жобалау-сметалық құжаттарын сараптамаға жіберген кезде біраз ескерту болды. Біз құжаттарды түзетіп, осы аптада қайта сараптамаға жібереміз. Сараптаманың оң нәтижесін алғаннан кейін жобаның тұсаукесерін өткіземіз», - деді ол.
Кездесуде инвесторлар зауытты электр желісіне қосу мәселесін көтерді. Олардың айтуынша «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ зауытқа электр энергиясын тек мамыр айында бере алады екен. Корпорацияның айтуынша станцияның энергиясын тұтынатын Ақсу ферроқорытпалар зауыты кезекті жөндеу жұмыстарын бастаған кезде үнемделген электр энергиясы электр-металлургия зауытына беріледі. Алайда, «АЭМЗ» АҚ-ың өкілдері мамыр айында Шығыс Қазақстан облысындағы су қоймаларында су жіберілетендіктен өзен алқабында жұмыс істей алмайтындарын алға тартуда.
«Біз барлық түйткілді мәселелерді бақылауда ұстап, дер кезінде шешіп отырамыз», - деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Николай Дычко.
Аймақ басшысы зауыт жобасына барынша қолдау көрсету жөнінде хаттамалық тапсырма берді.