05.04.2017
Бүгінгі таңда JAC электромобильдерiнiң өндiрiсiн дамыту мен жалпы автомобиль құрастыру саласын өркендету үшiн Индустриялық аймақ құрылуда.Әкімнің айтуынша, Қостанай автозауыты JAC электромобильдерiнiң 12 данасын шығарды. Олар ЭКСПО-2017 көрмесiне ұсынылады.
«Сол себепті де біз Индустриялық аймақ құрып жатырмыз. Онда автокомпоненттер шығаратын бiрнеше зауыт орналасады. Индустриялық аймаққа қазiргi таңда желiлер тартылып жатыр. Биыл аймақтың бiрiншi бөлiгiн, келесi жылы екiншi бөлiгiн пайдалануға беремiз», - дедi А.Мұхамбетов.
2017 жылдан бастап облыста Eуро 5 экологиялық талаптарына сай келетiн Ankai жолаушылар автобустарының сериялық өндiрiсi де iске қосылады.
«Биыл бiз ЭКСПО көрмесiн автобустармен қамтамсыз етемiз. «Астана LRT» компаниясымен келiсiмшарт бекiтiлдi. Бiз 400-ге жуық автобус әкелемiз. Олардың 75 пайызының сыйымдылығы жоғары, олар 100-ден астам жолаушыға арналған. Автобустар ЭКСПО көрмесiне келген туристердi тасымалдайтын болады. Ал көрме аяқталған соң автобустар елорданың қалалық маршруттарында қызмет көрсетедi», - дедi Архимед Мұхамбетов.
Облыс әкімі айтып өткендей, Қостанай облысында сондай-ақ, Өзбекстанның «УзАвто» кәсiпорнымен ынтымақтастықта жеңiл және жүк автомобильдерi құрастырылады.
Ақбота Күзекбай