04.04.2017
Корпорациядан несие алу үшін шаруалар тұрғылықты тұрып немесе жұмыс істеп жүрген жерлердегі 13 аймақтық филиалдың біріне, сондай-ақ Астана қаласында орналасқан орталық кеңсеге келіп, мына құжаттарды ұсынуы тиіс:
қаржыландыруға өтініш, шаруа және фермерлік қожалықтар, жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар несие алуға қажетті құжаттардың тізімін Корпорацияның сайтынан, мына сілтемеден жүктей алады.
Басымдыққа ие дақылдарға бөлінетін 22 миллиард теңгенің сомасы 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін сақталады. Бұдан соң, қалған ақша шаруалардан түскен өтініштер бойынша үлестіріледі. Егер бұл қарастырылған қаражат толықтай игерілмесе, қалған ақша барлық дақылдарға, соның ішінде басымдыққа ие дақылдарға да берілетін болады. Бұған қоса, егіс жұмыстарының мерзімі шектеулі екенін ескерсек, несиелердің қолжетімділігін арттыру және мүдделі шаруалардың ауқымын ұлғайту мақсатында Корпорация өзге қаржы институттарын тартты.
Яғни тікелей бюджеттен кредит алған Корпорация көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін қорландыру арқылы екінші деңгейлі банктер, кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдарын жұмылдырып отыр.
Екінші деңгейлі банктер, кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдарынан заем алу үшін жоғарыда аталған қаржы ұйымдарының тұрғылықты тұрып немесе жұмыс істеп жатқан мекен жайлары бойынша филиалдарына өтініш беру керек.