• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Шымкент мұнай өңдеу зауытында реттеу жұмыстары басталды 01.04.2017

Қондрығыны орнату октан ресурсы мен бензол көлемінің үлесін арттыруға мүмкіндік  береді.Актқа қол қойылғаннан кейін іске қосу жұмысының кешені басталады. Реттеу жұмыстарын  биылғы жылдың шілдесіне дейін аяқтау жоспарланған.

Жалпы, жаңғыртудың  бірінші кезеңінде жылына 4 мың тонна күкірт шығаратын қондырғы  салынып,  іске қосылды.

Жобаны жүзеге асыру  кезінде  UOP  (АҚШ) және  CPE  (ҚХР)  әлемдік компанияларының қазіргі заманғы және алдыңғы қатарлы мұнай өңдеу технологиялары қолданылды. Жобалаушы ретінде Technip (Италия) компаниясы және «Казгипронефтетранс» ЖШС (Қазақстан) компаниялары таңдалды.

Аталмыш жоба бойынша бас мердігер China Petroleum Engineering & Construction Corporation компаниясы, ол мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы ірі инжиниринг және құрылыс компаниясы болып саналады.

Шымкент МӨЗ алғашқы кезеңінің аяқталуы бойынша тек жоғарыоктанды  бензин мен дизельдік отынды К4, К5 санатында өндіре алады.

«Жоғарыоктанды бензинді өндіру  зауытта жылына  460 мың тоннаға жетеді, дизельдік отын – жылына 226 мың тонна. 


Back to the list